Федерер Australian Open турниріне қатыспайды

Федерер Australian Open турниріне қатыспайды

Швейцариялық теннисші Роджер Федерер Australian Open-2021 турниріне қатыспайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы оның агенті Тони Годсик мәлімдеді.

«Роджер Australian Open-2021 турниріне қатыспауға шешім қабылдады. Соңғы екі айда ол тізесін қалпына келтіру және физикалық дайындық бойынша айтарлықтай жетістіктерге жетті. Алайда, командасымен ақылдасқаннан кейін ол Австралия ашық чемпионатынан кейін жарысқа қайта оралуға шешім қабылады», - деді Годсик.

Айта кетейік, Федерер 1998 жылдан бері Australian Open турниріне үздіксіз қатысып келген. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или