Жәнібек Әлімханұлы 2020 жылдағы үздік сәттерінің видеосын жариялады

Жәнібек Әлімханұлы 2020 жылдағы үздік сәттерінің видеосын жариялады

Кәсіпқой рингтегі жеңіліп көрмеген орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) жанкүйерлеріне үндеу жариялады, онда ол биылды қорытындылап, 2021 жылға арналған мақсаттарын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Құрметті жанкүйерлер, сіздер өте көп екендеріңізді, бізге сенетіндеріңізді білеміз! Сіздердей қолдаушылар барда біз артқа шегінбейміз.

Биылғы жыл команда үшін жақсы жыл болды. Рейтингтерде жоғарыладық. Чемпиондарға міндетті қарсылас атануға да аз қалды.

Бұйыртса QAZAQ STYLE-ды тарихта қалдырамыз! 2021 жылы жүздескенше, ардақты жанкүйерлер!», - деп жазды Әлімханұлы Instagram-парақшасында.

Биыл орта салмақта WBC Continental Americas және WBO Global чемпиондық белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлы бір ғана жекпе-жек өткізді: 9 қазанда Лас-Вегаста аргентиналық Гонсало Корианы екінші раундта (16-4, 6 КО) нокаутқа жіберген.

Боксшы 2020 жылдағы үздік сәттерінің видеосын жариялады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или