"Барлық теннисші сақадай сай" - теннистен Қазақстан ерлер құрамасының капитаны
Қазақстанның теннистен ерлер мен әйелдер командасы Дубайдағы жаттығу жиыны аяқтады. Үш апта бойы командалар жаңа теннис маусымына дайындалды. Кtf.kz баспасөз қызметіне берген сұхбатында ерлер құрамасының капитаны Юрий Щукин спортшылардың дайындығы туралы айтты.
<span>«Оқу-жаттығу жиыны жақсы және нәтижелі өтті. Команда мүшелері өздерін жақсы сезінеді. Іріктеуге команданың барлық көшбасшылары қатысты. Михаил Кукушкин Дубайда 15 қаңтарға дейін жаттығады және осы жерден бірден Австралияға барады. Александр Бублик пен Андрей Голубев Анталияға барады, қаңтар айының басында олар Antalya Open турнирінде жұптасып ойнайды. Бублик сол турнирде жалғыз өзі өнер көрсетуі керек. </span>
<span>Содан кейін спортшылар Мельбурнге ұшады. Александр Недовесовке келетін болсақ, ол әзірге басқа теннисшімен жұптасып ойнайды. Оған біраз ұпай жинау қажет, өйткені, ол жарақатына байланысты жаз бойы кортқа шыққан жоқ. </span>
<span>Менің ойымша, жастарымызға біздің бірінші нөмерлі теннисшілермен жұмыс істеу жақсы және пайдалы тәжірибе. Алға басу байқалады. Барлық теннисші сақадай сай және жарыстың басталуын асыға күтіп жүр», - деді Юрий Щукин</span>