«Канело» түрік боксшысымен жұдырықтаспақ

«Канело» түрік боксшысымен жұдырықтаспақ

Мексикалық Сауль Альварес (51-1-2, 36KO) түрік боксшысы Авни Йылдырымға (21-2, 12KO) қарсы жекпе-жекте орта салмақтағы WBC титулын қорғайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы Канелоның жаттықтырушысы және менеджері Эдди Рейносо айтты. Жекпе-жек 27 ақпанда Мексиканың Гвадалахара қаласында өтеді.

«Йылдырым «Канелоның» келесі қарсыласы болмақ. Ол - WBC титулына міндетті үміткер. Авни - өте мықты боксшы және ол жекпе-жекке дайын. Неліктен бұл жекпе-жекті ұйымдастырмасқа? », - деп келтіреді Рейносоның сөзін Boxingscene.com.<br />Еске сала кетелік, Альварес жақында орта салмақта британдық Каллум Смиттен басым түсіп, WBA және WBC титулдарын жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или