Ақтөбеде теннистен балалар арасында республикалық турнир өтті

Ақтөбеде теннистен балалар арасында республикалық турнир өтті

<span>Ақтөбеде қаласында 21-25 желтоқсан аралығында «Aktobe Masters 12& under» теннистен балаларға арналған жарыс мәресіне жетті. </span>

<span>Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді. Жарысқа Нұр-Cұлтан, Алматы және Ақтөбе қалаларынан 62 қатысушы қатысты. </span>

<span>Қыздар арасында ақтөбелік Ева Корышева үздік атанды, ол ақтық сайыста алматылық Данайя Амангажиеваны жеңді. Үшінші орынды ақтөбелік Аружан Дандаева иеленді. </span>

<span>Ұлдар арасында бірінші орынды Мансұр Қайролла (Нұр-Cұлтан) иеленді. Шешуші кездесуде Мансур Ярослав Пшеничныйды жеңді. Жүлделі үшінші орынды Тараздан келген Дамир Дүйсенғазин қанжығасына байлады. Қыздар арасындағы жұптық сайыста Аружан Дандаева мен Ева Корышева жеңсе, ұлдар арасында Мансұр Қайролла мен Дамир Дүйсенғазин топ жарды.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или