Диас Хобарттағы турнирдің келесі кезеңіне өтті

Зарина Диас WTA аясында аустралиялық Хобартта өтіп жатқан Hobart International турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Екінші айналымда қазақстандық теннисші словакиялық Даниэла Хантуховамен кездескен болатын. Бірінші сетте қарсыластар бір брейктен жасаған, соңғы 12-ші геймде Зарина тағы бр брейк жасап 7:5 есебімен басым түсті. Диас екінші партияны сәтсіз бастап, алғашқы геймде-ақ брейк беріп қойды. Алайда қатарынан алты геймде жеңіске жетті – 6:1.

Ширек финалда қазақстандық теннисші америкалық Элисон Рискпен кездеседі.

Зарина Диас (Қазақстан) – Даниэла Хантухова (Словакия) 7:5, 6:1

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или