Бокстан ерлер құрамасы биылғы соңғы оқу-жаттығу жиынын өткізді
Бокстан ерлер командасы маусымның соңғы оқу-жаттығу жиынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.
Былғары қолғап шеберлері Алматы облысында орналасқан Ақбұлақ Олимпиада орталығында шеберлік шыңдады. Оқу-жаттығу жиынына 31 боксшыдан құралған команда қатысты.
Бапкерлер құрамы тек көшбасшыларды ғана емес, сонымен бірге Қазақстанның соңғы чемпионатында өзін көрсете алатындарды да бірлескен жаттығуға шақырған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или