Australian Open 2021 турниріне қанша қазақстандық қатысады

Australian Open 2021 турниріне қанша қазақстандық қатысады

2021 жылдың алғашқы «Үлкен Дулыға» турнирі ақпан айының 8-21 аралығында өтеді. Қазақстанның алты өкілі Аустралия ашық чемпионатының негізгі кезеңіне жолдама алды деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Қыздардан Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Зарина Дияс және Ярослава Шведова ел намысын қорғаса, Александр Бублик пен Михаил Кукушкин ерлер арасындағы бәсекеде бақ сынайды.

Сонымен қатар, жұптық сында Александр Бублик Андрей Голубевпен бірге кортқа шығады.               Сондай-ақ, Дмитрий Попко жарысты іріктеу кезеңнен бастайды. Пандемияға байланысты ерлердің іріктеу жарысы Дохада өтеді.

Қазақстан құрама командасының капитаны Ярослава Шведова Australian Open турнирінде қорғалған рейтинг бойынша бақ сынайды. Екі «Үлкен Дулыға» турнирінің жеңімпазы соңғы үш жарым жыл бойы ірі жарыстарға қатысқан жоқ. Өйткені, Ярослава бұл уақытта декреттік демалыста болды. Қорғалған рейтинг әртүрлі себептермен ойнау мүмкіндігінен айырылған теннисшілерге беріледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или