«Оны оңай жеңемін». Әлімханұлы «Канелоны» жекпе-жекке шақырды

«Оны оңай жеңемін». Әлімханұлы «Канелоны» жекпе-жекке шақырды

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) тағы бір батыл мәлімдеме жасады, деп жазады Prosports.kz.

Ол Twitter желісіндегі жеке парақшасында WBA (Super) және WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Сауль «Канело» Альваресті (54-1-2, 36 KO) жекпе-жекке шақырды.

Әлімханұлы өз сөзінде мексикалықты еш қиындықсыз жеңетінін айтты.

«Егер сіз «Канелоны» ешкім жеңе алмайды деп ойласаңыз, онда қатты қателесесіз. Мен оны оңай жеңе аламын. 2021 жылы QAZAQ STYLE vs MEXICAN STYLE жасайық», - деп жазды Жәнібек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или