Қазақстанның 7 теннисшісі Australian Open негізгі кезеңіне жолдама алды
Қазақстанның 7 теннисшісі Австралия ашық чемпионатының негізгі кезеңіне жолдама алды. Бұл туралы ҚТФ хабарлады.
Әйелдер арасынан Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Зарина Дияс және Ярослава Шведова бақ сынаса, ерлер арасынан Александр Бублик пен Михаил Кукушкин ел намысын қорғайды.
Сонымен қатар, жұптық сайыста Александр Бублик Андрей Голубевпен бірге өнер көрсетеді. Дмитрий Попко жарысты іріктеу кезеңінен бастайды.
Іріктеу турнирлері Австралияның сыртында, яғни Доха (ерлер) мен Дубай (әйелдер) қалаларында өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или