Қазақстандық шаңғышылар «Тур де Ски» жарысына қатыспайды
Қазақстан ұлттық құрамасының шаңғышылары маусымның негізгі жарыстарының бірі «Тур де Ски» сынына қатыспайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Олар әлем кубогының кезеңдерінде 23 қаңтардағы Лахти (Финляндия) және 29-31 қаңтар аралығындағы Фалуне (Швеция) жарыстарынан бастап өнер көрсете бастайды. Команданың құрамы Щучинск қаласында өтіп жатқан Қазақстан кубогына іріктеу жарыстарының нәтижелері бойынша анықталады.
Естеріңізге сала кетейік, «Тур де Ски» турнирі 1 - 10 қаңтар аралығында өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или