Бокстан ұлттық құрама жылдың соңғы оқу-жаттығу жиынын өткізді

Бокстан ұлттық құрама жылдың соңғы оқу-жаттығу жиынын өткізді

<span>Бокстан ерлер ұлттық құрама командасы маусымның соңғы оқу-жаттығу жиынын өткізді. </span>

<span>Отандық былғары қолғап шеберлері Алматы облысындағы "Ақбұлақ" олимпиадалық орталығында шеберліктерін шыңдады. Аталған оқу-жаттығу жиынына барлығы 31 боксшы қатысты.  </span>

<span>Жылдың қорытынды жаттығу жиынына жаңартылған құрам шақырылды.</span>

<span> Атап айтқанда, Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанғандар мен жүлделі үштікке ілінген спортшылар да құрамамен бірге жұмыс істеді. Оқу-жаттығу жиыны барысында спортшылар жалпы физикалық дайындықтарын пысықтады.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или