Шарипова мұқтаж балаларға сыйлық жасады
Қазақстандық боксшы Фируза Шарипова «Добрые сердца Тараза» қоғамдық бірлестігіне Жаңа жылға сыйлықтармен көмектесті, деп жазады Prosports.kz.
Бұл туралы аталған қауымдастық инстаграм парақшасында хабарлады.
«Бұл Фируза Шарипованың біздің балаларға берген сыйлықтары. Рақмет, Фируза, мейірімді үлкен жүрегіңіз үшін. Сіз балаларға немқұрайлы қарамайтындығыңызға рақмет. Сізге үлкен жеңістер тілейміз», - деп жазды.
Ұйым қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсетеді.
Еске сала кетейік, Шарипова соңғы жекпе-жегін 30 қазанда өткізді. Сегіз раундтық жекпе-жекте ол сербиялық Сара Маржановичті жеңді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или