Иван Дычко Рудныйда жаттығып жүр
Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Иван Дычко шаршы алаңға оралуға дайындалып жүр.
Боксшының шаршы алаңға оралатыны жайлы қазақстандық менеджер<span> </span>Зия Әлиев<span> </span>Prosports.kz тілшісіне айтып берді:
«Жыл соңына таман, желтоқсанда ол шаршы алаңға шығады деп жоспарлап отырмыз. Иван қазір Қазақстанға жаттығып жүр, бірақ жақын арада АҚШ-қа кетеді. Қарсыласы жайлы әзірше ешқандай ақпарат жоқ. Жекпе-жек сегіз раунд болады деп ойлап отырмыз», – деді менеджер.
Айта кетейік, Дычко соңғы жекпе-жегінде америкалық Нэйт Хэвенмен (9-2, 7 КО) кездесіп, қарсыласын екінші раундта нокаутқа жіберді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или