Александр Бублик Қазақстанның бірінші ракеткасы атағын сақтап қалды

Александр Бублик Қазақстанның бірінші ракеткасы атағын сақтап қалды

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) спортшылардың жекелей және жұптық сындағы рейтингін жаңартты, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.

Әлемдегі ең үздік үш спортшының қатарына серб Новак Джокович, испаниялық Рафаэль Надаль және австриялық Доминик Тим кіреді.

Қазақстандық ракетка шеберлері бұрынғы орындарында қалды: Александр Бублик - 50-ші, Михаил Кукушкин - 89-шы. Дмитрий Попко 170-орында тұр.

Жұптық рейтингте де ешқандай өзгеріс болған жоқ: Кукушкин - 76, Андрей Голубев - 88, Бублик - 90, Александр Недовесов - 131-орында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или