Қазақстандық теннисшілер WTA рейтингіндегі орындарын өзгерткен жоқ
Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) спортшылар арасындағы жекелей және жұптық сынның рейтингін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бірінші орында аустралиялық Эшли Барти келеді, екінші орында румын Симона Халеп тұр. Үздік үштікті жапониялық Наоми Осака түйіндейді.
Қазақстандық Елена Рыбакина 19-орнында қалды және елдің бірінші «ракеткасы» атағын сақтап қалды. Юлия Путинцева 28-ші, Зарина Дияс 80-орында.
Жұптық сындағы кестеде қазақстандық теннисшілер де өз позицияларын өзгерткен жоқ: Галина Воскобоева - 71-ші, Анна Данилина - 138-ші, Путинцева 187-орында тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или