«Менің кінәм жоқ». Ахмедов рингке неге ұзақ уақыт шықпағанын түсіндірді
Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов рингке қашан оралатынын айтты, деп хабарлайды, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.
«<span>Ассалаумағалейкум баршаңызға! Пандемияға байланысты жекпе-жегіміз анықталмай жатыр. Жекпе-жектің созылуына менің, жаттықтырушымның немесе промоутерімнің кінәсі жоқ. Алланың қалауымен жақын арада барлығы белгілі болады және Канада елінің басшылығы келісімін беретінін айтты. Қазақ елінің көк байрағын желбірету үшін барымды салып, қазақтың кім екенін дәлелдеуге толық қызуғанды жаттығу үстіндемін</span>», — деп жазды Садриддин Instagram-парақшасында.
Еске салайық, Ахмедов - WBC тұжырымы бойынша жастар арасындағы әлем чемпионы. Ол рингке желтоқсанда Канадада шығуды жоспарлаған, бірақ бокс кеші Квебек провинциясындағы карантиндік шараларға байланысты өтпей қалды. Қазақстандық боксшы 2019 жылдың соңынан бері жекпе-жек өткізген жоқ.