«Әлемге жаңа чемпион керек!». Әлімханұлы тағы да мәлімдеме жасады

«Әлемге жаңа чемпион керек!». Әлімханұлы тағы да мәлімдеме жасады

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) әлеуметтік желілерде жаңа мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қазақ стилі» Твиттердегі парақшасында былай деп жазды: «Әлемге жаңа чемпион, керемет боксшы керек!».

Бұған дейін Әлімханұлы орта дивизиондағы басқа чемпиондарға - Джермалл Чарло, Сауль «Канело» Альварес және Деметриус Андрадені бірнеше рет жекпе-жекке шақырған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта WBO Global титулына ие. Ол соңғы жекпе-жегін қыркүйекте өткізді - екінші раундта аргентиналық боксшы Гонсало Корияны (16-4, 6 КО) нокаутқа жіберген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или