Қазақстанда туған боксшы әлем чемпионы атанды

Қазақстанда туған боксшы әлем чемпионы атанды

Қазақстанда туған, германиялық боксшысы Кристина Хаммер (25-1, 11 КО) әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жекте жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол Кельнде (Германия) өткен бокс кешінде жұдырықтасып, финляндиялық Санна Туруненді (6-3-1, 1 КО) нокаутпен жеңді.

Осылайша Хаммер кәсіпқой мансабындағы 26-шы жеңісіне қол жеткізді және қайтадан екінші орта салмақтағы әлем чемпионы атанды - ол WBC және WIBF белбеулерін иеленді. Турунен болса, кәсіпқой рингтегі төртінші жеңілісіне ұшырады.

Еске салайық, бұған дейін Кристина Хаммер әлем чемпионы (WBC және WBO) болған еді, бірақ ол былтыр америкалық Кларесса Шилдстен (10-0, 2 КО) жеңіліп, белбеулерінен айырылған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или