Джошуа - Фьюри жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Джошуа - Фьюри жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

WBA, WBO және IBF тұжырымдарының ауыр салмақтағы чемпионы Энтони Джошуаның промоутері Эдди Хирн өзінің қарамағындағы боксшы WBC титулының иегері Тайсон Фьюриға қарсы жекпе-жек өткізу туралы алдын-ала келісімге келгенін айтты. Хирннің айтуынша, бұл мега жекпе-жек мамыр немесе маусымда өтуі мүмкін.

Хирннің мәлімдемесін Twitter-де танымал инсайдер Майк Коппингер жариялады.

— «Эдди Хирн Тайсон Фьюри мен Энтони Джошуаның ауызша келісімге келгенін және ауыр салмақтағы титулдық жекпе-жек мамыр немесе маусым айында өтетінін айтты», - деп жазды Коппингер

Еске салайық, Эдди Хирн қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің де мүддесін қорғайды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или