«Мен үшін сәтсіз кеш болды». Смит Альварестен неге жеңілгенін түсіндірді

«Мен үшін сәтсіз кеш болды». Смит Альварестен неге жеңілгенін түсіндірді

Британиялық боксшы Каллум Смит (27-1, 19 КО) мексикалық Сауль Альварестен (54-1-2, 36 КО) жеңілісі туралы пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz.

«Бұл кеш мен үшін сәтті болмады. Рингте барымды көрсете алмадым, бірақ бұл ақталу емес. Ол үздік болды. Канело шынымен де тәжірибелі әрі ақылды боксшы, ол үнемі көп соққы жасайды. Оған қарсы тұру оңай емес. Канелоның мен бағаламай қалған тұстары бар ма? Мүмкін, оның джеб соққылары болар. Ол шынымен де үздік болды», - деп сөзін аяқтады Смит.

Айта кетейік, Смит пен Альварес жекпе-жегі барлық 12 раундқа жалғасып, мексикалық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или