Эддин Хирн боксшы Әли Ахмедов қарымта жекпе-жек өткізетінін мәлімдеді

Эддин Хирн боксшы Әли Ахмедов қарымта жекпе-жек өткізетінін мәлімдеді

Промоутер Эдди Хирн мансабында алғаш рет жеңілген қазақстандық Әли Ахмедов қарымта жекпе-жек өткізетінін мәлімдеді

Ахмедов Холливудта (Флорида штаты, АҚШ) эквадорлық Карлос Гангорамен жұдырықтасқан. Боксшылар екінші орта салмақта IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулын сарапқа салды.

Қазақстандық боксшы жекпе-жектің белсенді болды. Бірақ соңына қарай Гангора белсендірек әрекет ете бастады. Соңғы раундта Гангора Ахмедовті нокдаунға түсірді. Ал көп ұзамай эквадорлық боксшы қазақстандықты нокаутқа түсіріп, әлем чемпионы атанды.  

– Карлос Гонгорамен байланысты үзбейміз. Келесі жылы көктемде қарымта жекпе-жек өткізуіміз мүмкін. Бұл Карлос үшін де, Эквадор үшін де маңызды, деді промоутер.

Ахмедов кәсіпқой бокста алғаш рет жеңіліп отыр. Бұған дейін 16 кездесуде жеңген, оның 13-ін мерзімінен бұрын аяқтаған.  

Ал Карлос Гангора 19-шы кездесуінде жеңіске жетті. Оның 14-ін нокаутпен аяқтаған.

Айта кетейік, бұл жекпе-жек Геннадий Головкин мен Камил Шеремета арасындағы бокс кешінің андеркардында өткен болатын. Әли Ахмедовтің кәсіпқой бокстағы шаруасымен GGG Promotions компаниясы айналысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или