Головкин келесі жекпе-жегін кімге қарсы өткізуі мүмкін

Головкин келесі жекпе-жегін кімге қарсы өткізуі мүмкін

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин орта салмақтағы IBF және IBO белбеулерін сәтті қорғаған соң келесі жекпе-жегін кімге қарсы өткізуі мүмкін екені белгілі болды.

The Athletic басылымының мәліметінше, Головкиннің командасы келер жылы көктемде жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр. Қарсылас ретінде бірінші орта салмақтың бұрынғы чемпионы Хайме Мунгия (36-0, 29 КО) мен Сауль Альварес (53-1-2, 36 КО) қарастырылуда.

Айта кетейік, бүгін GGG мансабында 21-мәрте чемпиондық атағын сәтті қорғап шықты. Жекпе-жек сегізінші раундта аяқталды. Шеремета тоғызыншы раундқа шықпай, шайқасты жалғастырудан бас тартты. Поляк кәсіби мансабында тұңғыш рет жеңіліс құшты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или