Головкиннің рингке қашан оралатыны белгілі болды

Головкиннің рингке қашан оралатыны белгілі болды

Орта салмақта IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) келесі жекпе-жегі қашан өтетіні, сондай-ақ әлеуетті қарсыласының есімі белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

The Athletic-тің хабарлауынша, олар 2021 жылдың көктемінде Головкин мексикалық Хайме Мунгиямен (36-0, 29 КО) кездеседі.

Мунгиялдан бөлек, GGG Мексиканың тағы бір өкілі - Сауль «Канело» Альвареспен (53-1-2, 36 КО) үшінші жекпе-жек өткізуі де бек мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, Головкин бүгін таңертең АҚШ-та міндетті қарсыласы Камил Шереметаны (21-1, 5 КО) жеңіп, өзінің атағын сәтті қорғады. Жекпе-жек барысында қазақстандық боксшы қарсыласын төрт мәрте нокдаунға жіберді.

Головкин атағын 21-ші рет сәтті қорғап, аты аңызға айналған америкалық Бернард Хопкинстің рекордын жаңартты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или