Тимур Құлыбаев Геннадий Головкинді кәсіби рингтегі кезекті жеңісімен құттықтады
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев Геннадий Головкинді кәсіби рингтегі кезекті жеңісімен құттықтады.
Құрметті Геннадий!
Бүгінгі жекпе-жек тек сізге ғана емес, кәсіпқой бокс әлемі үшін өте маңызды әрі ерекше. Сіз чемпиондық атақты 21-ші рет қорғаған тұңғыш әрі жалғыз боксшы атандыңыз. Бұл бір емес, бірнеше ұрпақтың ұмтылатын жетістігі болмақ. Біз үшін кезекті мақтаныш сезімін сезінудің таптырмас сәті.
Осындай тарихи оқиғаға куә болып отырғанымызды мойындаймыз. Керемет жекпе-жек, жойықан соққы, тыңғылықты әрі нақты жұмыс пен сенімді жеңіс – дәл осыны біз Сізден күттік.
Шаршы алаңға сәтті оралуыңызбен құттықтаймын! Атақты қорғау рекорды ұлғая берсін! Жаңа жеңістер, денсаулық пен сәттілік тілеймін!
Тимур Құлыбаев, Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті