Кукушкин екінші айналымға жолдама алды

Михаил Кукушкин ATP аясында Сиднейде өтіп жатқан Apia International турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Негізгі кезеңнің бірінші айналымында қазақстандық теннисші өзбекстандық Денис Истоминмен кездесті. Алғашқы сетте Кукушкин төртінші геймде брейк жасап, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Екінші партияда қарсыластар екі-екіден брейк алып, сеттің тағдырын тай-брейк шешті. Бұл тұста қазақстандық сенімді жеңді – 7:1.

Михаил Кукушкин (Қазақстан) – Денис Истомин (Өзбекстан) 6:3, 7:6 (7:1)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или