Головкин жеңісі туралы: Мен үшін бұл үлкен сюрприз болған жоқ
IBF/IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин бүгін өткен жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді.
<span>Айта кетсек, жекпе-жек бүгін Голливудтағы арене Seminole Hard Rock Hotel & Casino аренасында өтті. Геннадий Головкин қарсыласын нокаутпен жеңіп, 21-мәрте чемпиондық белбеуін қорғап қалды.</span>
<span> «Мен үшін бұл үлкен сюрприз болған жоқ, бұл кәсібиліктің жоғары деңгейі. Камил Шеремета - өте жақсы боксшы. Мен өзімді жайлы сезінудемін, себебі көп жұмыс жасадым және оған менің уақытым болды. Менің қасымда көптеген жақсы адамдар бар. Мен өзі командаммен мақтанамын!», - деді Геннадий жекпе-жектен кейін.</span>
<span> Бокс кешінде IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионының титулы сарапқа салынды.</span>