Али Ахмедов Карлос Гонгорадан нокаутпен ұтылды
Голливудта (Флорида, АҚШ) қазақстандық Али Ахмедов (16-1, 12КО) мен эквадорлық Карлос Гонгора (19-0, 14КО) арасындағы жекпе-жек аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Орта салмақтағы бос жатқан IBO титулы үшін күрес айтарлықтай тартысты өтті. Қазақстандық жекпе-жекті сенімді бастады және екінші раундта жекпе-жекті аяқтауға жақын болды. Бірақ эквадорлық тез есін жиып, кездесудің тағдырын өзгерте алды.
12-раундта Карлос екі рет Алиді нокаутқа жіберді. Өкінішке орай, қазақстандық кәсіби мансабындағы алғашқы жеңіліске ұшырады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или