Фредди Роуч: «Көп боксшылар Головкиннен қашады»

«Жыл бапкері» атағын алты рет иемденген Фредди Роуч Геннадий Головкиннің алдағы уақытта әлемдік бокстағы көшбасшылардың қатарына кіретінін айтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Головкин – өте мықты боксшы, бапкері де жақсы. Маған көптеген атақты боксшылар Головкинмен жұдырықтасудан қашатындай көрінеді. Ол күн сайын жақсарып келеді. Ол бұрын Америкада қатты танымал емес еді, қазір оны танып келе жатыр. Бір-екі кездесуден кейін ол әлемдегі үздік pound-for-pound боксшылардың бірі болады деп ойлаймын», - деді Фредди Роуч The Boxing Voice-ке берген сұхбатында.

Естеріңізге сала кетсек, Головкин 21 ақпанда Монакода британиялық Мартин Мюрреймен жұдырықтасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или