Қамшыбек Қоңқабаевтың қарсыласы жекпе-жекті жалғастыра алмады

Қамшыбек Қоңқабаевтың қарсыласы жекпе-жекті жалғастыра алмады

Қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Алматыда өткен бокс кешінде Қамшыбек Қоңқабаев украиналық Сергей Радченкоға (7-7, 2 КО) қарсы жұдырықтасты. Он раундқа жоспарланған кездесу төртінші раундта аяқталды. Украиналық боксшы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

Айта кетелік, Қамшыбек Қоңқабаев 91 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Токио Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алған. Ал кәсіпқой бокста осымен екі жекпе-жек өткізіп үлгерді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или