Димаш Ниязов: Шеремета Головкиннен сөзсіз жеңіледі

Димаш Ниязов: Шеремета Головкиннен сөзсіз жеңіледі

Тегі қазақ америкалық кәсіпқой боксшы Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында Геннадий Головкин және Али Ахмедовтың алдағы жекпе-жектеріне болжам жасады.

- Димаш, GGG мен Шеремета жекпе-жегі туралы не ойлайсың?

- Шереметаның Головкинді жеңуге мүмкіндігі жоқ. Камил панчер емес, нокаутқа түсіретін соққысы да жоқ. Оның рекордын қарасаңыз, нокаутпен жеңген кездесулері өте аз. Қателеспесем, бесеуі ғана. Ол 20-дан астам жекпе-жек өткізді. Мысалы, Головкин 35 рет уақытынан ерте жеңіске жеткен. Бұл Геннадийдің соққысы Шереметаға қарағанда әлдеқайда күшті екенін көрсетеді.

Сондай-ақ, польшалықтың боксшылық IQ деңгейі GGG-ге қарағанда төмен. Камилдің әлсіз қорғанысы бар, оған шабуыл жасалғанда, ол аяғымен қозғалмайды, өзін қорғауда бір орында тұрады. Мен оның бауыр тұсы әрқашан ашық жүретінін байқадым.

Головкиннің керемет джебі бар. Егер ол Шереметамен қашықтан жұдырықтасып, джебпен көп жұмыс істесе, оны құлатып немесе нокаутқа түсіре алады. Головкинге бұл жекпе-жекте жеңіске жету үшін джеб пен апперкот көмектеседі. Ол тіпті бауырға соққы жұмсап, жеңіске жеңуі мүмкін. Менің ойымша, Шеремета бес раундқа жетпей жеңіледі.

- Али Ахмедов пен Карлос Гонгороның жекпе-жегі туралы ойыңыз қандай?

- Менің ойымша, Әли қарсыласының быт-шытын шығаратын сияқты. Біріншіден, Карлостың шабуыл жасау жоспары жоқ. Екіншіден, ол үнемі қарсыласын күтеді, қарсы шабуыл стилінде жұмыс істейді. Үшіншіден, ол қажетсіз соққыларды жиі жіберіп алады. Сондықтан менің ойымша, Әлиге жеңіске жету қиынға соқпайды. Бір ғана айта кететін дүние - оның қарсыласы солақай, сондықтан аздап қолайсыздық туындауы мүмкін. Бірақ бұл Гонгороға көмектеспейді. Ахмедов оны нокаутқа түсіреді.

<br />Еске сала кетелік, Головкин (40-1-1, 35КО) мен Шеремета (21-0, 5КО) арасындағы жекпе-жек Флоридада 18 желтоқсанда (Нұр-Сұлтан уақытымен 19 желтоқсан таңертең ерте) өтеді. Қазақстандық боксшы IBF және IBO орта салмақтағы чемпиондық белбеулерін қорғайды.

Сондай-ақ, осы күні Али Ахмедов (16-0, 12КО) эквадорлық Карлос Гонгоромен (18-0, 13KO) жұдырықтасады. Бәске IBO белбеуі тігілмек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или