Алматыда өтетін Independence Day бокс кешінің тікелей трансляциясы
18 желтоқсанда Алматыда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған кәсіпқой бокс кеші өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнирде 15 жекпе-жек өтеді, оның екеуі титулдық жекпе-жек болады. Қазақстандықтар Торғынбек Амиров (2-0) пен Әміржан Тұрсынов (4-0, 3 КО) екінші жеңіл салмақта чемпиондық дәрежеде WBC Asian және WBO Asian Pacific белбеулері үшін күреседі. Қазақстанның тағы екі өкілі - Нұрбол Сұлтанбай (3-0, 1 КО) және Мирас Ертанов (2-0, 1 КО) бірінші орта дивизионда осындай атақтар үшін жекпе-жекке шығады.
Бокстан Қазақстанның қазіргі чемпионы Қамшыбек Қоңқабаев (1-0, 1КО) негізгі жекпе-жекте рингке шығады. Ол үшін бұл про-рингтегі екінші жекпе-жек болмақ. Оның қарсыласы украиналық Сергей Радченко (7-6, 2КО).
Болашағынан үміт күттіретін боксшы Сұлтан Зәурбек (9-0, 7КО) сегіз раундтық жекпе-жекте тағы бір украиналық Владислав Мельникпен (12-2, 7КО) кездеседі.
Тәуелсіздік күніне арналған бокс кешінің тікелей эфирі Қазақстан уақыты бойынша сағат 14:00-де басталады.