Головкин – Шеремета: салмақ өлшеу рәсімінің трансляциясы
Бүгін, яғни 17 қаңтар күні АҚШ-та қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен польшалық Камил Шеремета жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтеді.
Салмақ өлшеу Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-де басталады.
<iframe width="100%" height="420" src="https://www.youtube.com/embed/ifJmgguIceI" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen></iframe>
Ресми ақпарат бойынша Головкин - Шеремета жекпе-жегі 19 желтоқсан, сенбі күні таңертең, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 07:30-да басталады. Бұл жекпе-жекте Геннадий орта салмақтағы IBF және IBO белбеулерін бәске тігеді.
Еске сала кетелік, Головкин 2019 жылдың қазанында украиналық Серхий Деревянченконы (13-3, 10 КО) жеңіп, IBF және IBO белбеулерін қайтарып алған еді. Шеремета осы бокс кешінің андеркардында мексикалық Оскар Кортезді екінші раундта нокаутқа жіберді (27-6, 14 КО).