Головкин - Шеремета жекпе-жегінің дәлме-дәл уақыты белгілі болды
DAZN қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен польшалық былғары қолғап шебері Камил Шереметаның (21-0, 5 КО) жекпе-жегін көрермкендердің қай уақытта көре алатындығын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ресми ақпарат бойынша Головкин - Шеремета жекпе-жегі 19 желтоқсан, сенбі күні таңертең, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 07:30-да басталады. Бұл жекпе-жекте Геннадий орта салмақтағы IBF және IBO белбеулерін бәске тігеді.
Еске сала кетелік, Головкин 2019 жылдың қазанында украиналық Серхий Деревянченконы (13-3, 10 КО) жеңіп, IBF және IBO белбеулерін қайтарып алған еді. Шеремета осы бокс кешінің андеркардында мексикалық Оскар Кортезді екінші раундта нокаутқа жіберді (27-6, 14 КО).
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или