«Жұдырық жұмсау әркімнің қолынан келеді». Данияр Елеусінов Головкин - Шеремета жекпе-жегі туралы не деді?

«Жұдырық жұмсау әркімнің қолынан келеді». Данияр Елеусінов Головкин - Шеремета жекпе-жегі туралы не деді?

Қазақстан уақытымен сенбі күні таңертең орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин IBF титулын бұрын-соңды жеңіліп көрмеген Камил Шереметадан қорғайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Белгілі қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов Prosports.kz сайтына осы жекпе-жекке қатысты пікір білдірді.

- Шеремета Головкиннің деңгейінде емес деп ойлаймын. Менің ойымша, Геннадий техникалық нокаутпен оңай жеңіске жететін сияқты. Дегенмен, поляк боксшысы IBF жүйесіндегі міндетті қарсылас саналады және бокста ұрып-соғу бәрінің қолынан келетінін де ұмытпау керек. Головкиннің иегі өте күшті және ол жекпе-жекте өзін мықты ұстайды, онысын әрдайым дәлелдеп жүр, сондықтан Геннадиге Шереметаны жеңу аса қиынға соға қоймас, - деді Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или