Айдос Ербосынұлы WBA International, WBO Global белбеулерін сәтті қорғады

Айдос Ербосынұлы WBA International, WBO Global белбеулерін сәтті қорғады

Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (15-0, 9КО) Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Көшпенділер шайқасы» кешінде WBA International, WBO Global және WBC тұжырымдары бойынша орта салмақта Азия чемпионы атағын қорғады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның қарсыласы бұрын-соңды жеңіліп көрмеген 31 жастағы ганалық Исса Самир (19-1, 16 КО) еді. Жекпе-жек екінші минутта аяқталды. Ербосынұлы техникалық жеңіске жетті. Айқас нәтижесінде Айдос тек атақтарын қорғап қана қоймай, «Шыңғыс ханның алтын белбеуіне» ие болды.

«Құрметті қазақстандықтар. Мен сіздерді Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Мен кез-келген әлем чемпионымен жұдырықтасуға дайынмын!», - деді Ербосынұлы жекпе-жектен кейін.

Бокс кешінің ұйымдастырушысы SULEIMEN Promotions компаниясы болды. «Көшпенділер шайқасы» жобасы «Шыңғысханның алтын белбеуі» жобасының  бір бөлігі саналады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или