Көшпенділер шайқасы». Евгений Павлов филиппин боксшысын жеңді
Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан «Көшпенділер шайқасы» бокс кешінің екінші жекпе-жегі аяқталды. 21 жастағы қазақстандық боксшы Евгений Павлов (2-0, 2КО) 28 жастағы филиппиндік Али Лаурелді (18-4-1, 11КО) жеңді, деп хабарлайды Propsorts.kz.
Жеңіл салмақтағы жекпе-жек (57,1 килограмға дейін) белгіленген алты раундқа созылды. Павлов үшінші жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жетті. Лаурел 18 рет жеңіске жетіп, бір тең нәтиже көрсеткен, сонымен қатар, бүгінгісін қосқанда бесінші рет жеңіліске ұшырады.
Еске сала кетейік, «Көшпенділер шайқасының» алғашқы айқасында тағы бір қазақстандық боксшы Данила Семенов ганалық Абрахам Табулды жеңген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или