Ой қорыту
Басқа

Маңғыстауда қанша әлем чемпионатының жүлдегерлері бар?

Маңғыстауда қанша әлем чемпионатының жүлдегерлері бар?
news-banner7
mobile-news-top

Маңғыстауда туып, күллі КСРО–ның намысын қорғаған қос спортшымыз бар. Олар боксшы Шоқыр Бөлтекұлы мен желаяқ Әмин Тұяқов. Оларды маңғыстаулықтар ғана емес, қазақ елі мақтан тұтады.

Шоқыр Бөлтекұлы өткен ғасырдың оныншы жылдары дүниеге келді. Әкесінен ерте айырылып, балалар үйінде оқып, мектеп бітірді. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, 1944 жылдары жарақаттанып елге оралады. Кәсіби карьерасында үш рет Қазақ ССР-інің чемпионы атанды.

Шаршы алаңда 223 кездесу өткізіп, оның 199-ында жеңіске жеткен. Әлем біріншілігіне қатыспаса да, қазақ боксының негізін қалаған тұлға. Ал Әмин Тұяқов болса, жеңіл атлетикадан КСРО-ның бес дүркін чемпионы (1962, 1965, 1966), Еуропа кубогының чемпионы (1965), Еуропа чемпионы (1966). Солақай саясаттың кесірінен әлем чемпионатына қатысу бақыты бұйырмады.

Есесіне, 1991 жылы Қазақстан тәуелсіздік алған тұста маңғыстаулық жастар аға буын өкілдерінің жете алмай кеткен армандарын орындағандай. Енді облысымыздан шыққан дүние жүзінің жүлдегерлерін тізіп көрейк;

Әлем чемпиондары;
1.Ердос Жанабергенов, бокс, Мяньян 2005 ж.
2.Венера Жетібаева, каратэ –до, Москва 2008 ж.
3.Бек Өмірзақ, кекушинкай каратэ -до, Баку 2013 ж.
4.Мұрат Жаумытбаев, кекушинкай каратэ –до, Баку 2013 ж.
5.Әйгерім Әбілқадырова, грэпплинг, Нұр –Сұлтан 2018 ж.
6.Берекет Нұрбаев, кекушинкай каратэ-до, Баку 2018 ж.
7.Алия Тлепова, джиу –джитсу, Киев 2019 ж.
8.Жәнібек Әбу-Бәкір, джиу – джитсу, Киев 2019 ж.
9.Азамат Абаев, джиу –джитсу, Киев 2019 ж.
10.Бекзат Нұрдаулетов, бокс, Екатеринбург 2019 ж.

Әлем чемпионатының күміс жүлдегерлері;
1.Ержан Қожаев, каратэ –до, Токио 2006 ж.
2.Әділбек Ниязымбетов, бокс, Баку 2011 ж, Алматы 2013 ж.
3.Анарбек Қойшман, кекушинкай каратэ -до, Баку 2018 ж.
4.Дархан Нортаев, джиу-джитсу, Абу –Даби 2019 ж.
5.Нұркен Домбаев, самбо, Чхонджу 2019 ж.

Әлем чемпионатының қола жүлдегерлері;
1.Халид Халидов, каратэ-до, Париж 2003 ж.
2.Магомед Круглиев, еркін күресі, Будапешт 2005 ж.
3.Халид Халидов; каратэ-до, Париж 2012 ж.
4.Берік Әбдірахманов, бокс, Алматы 2013 ж.
5.Нұркен Домбаев, самбо, Бухарест 2018 ж.
6.Жәнібек Әбу -Бәкір, джиу –джитсу, Абу –Даби 2019 ж.
7.Еркінбек Байтөреев, каратэ-до, Саньтяго 2019 ж.

Медальдар көрсеткіші (1991 – 2019 жж)

Орындар спорт түрі алтын күміс қола барлығы
1 джиу-джутсу 3 1 1 5
2 кекушинкай каратэ-до 3 1 0 4
3 бокс 2 2 1 5
4 каратэ-до 1 1 3 5
5 грэпплинг 1 0 0 1
6 самбо 0 1 1 2
7 еркін күресі 0 0 1 1
10 6 7 23

Кеңес кезінде облысымыздан әлем чемпиондары шықпады. Бірақ тәуелсіздік алғаннан кейін Маңғыстау спорты жанданғандай. Ересектер арасынан 23 әлем біріншілігінің жүлдегерлері шықса, қазір джиу –джутсу, кекушинкай каратэ –до, бокс, аралас жекпе-жек, каратэ-до, грэпплинг жақсы дамып келеді. Бірақ жүлденің ең көбі жеңіл атлетика мен жүзуде. Болашақта Маңғыстау өңірінен де Усейн Болт пен Майкл Фелпс сияқты саңлақтар шығатынына сеніміміз зор.

Айбек МҰХАНОВ

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер