Головкиннің баспасөз мәслихатында «Канелоға» қатысты сұрақ қоюға тыйым салынды

Головкиннің баспасөз мәслихатында «Канелоға» қатысты сұрақ қоюға тыйым салынды

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің өткен баспасөз мәслихатында мексикалық Сауль Альвареске қатысты сұрақ қоюға тыйым салынды. Бұл туралы журналист Дэн Рафаэль айтты. 

«Головкин «Канелоға» қатысты сұрақтан шаршаған. Тіпті, баспасөз мәслихаты алдында Matchroom Boxing промоутері Эдди Хирн Альварес жайлы сұрақ қоюдың қажеті жоқ екенін, ал сұрақ қойған журналистердің дауысын өшіретін айтты», деп жазды журналист.

Еске салайық, Қазақстан уақыты бойынша 19 желтоқсанда таңертең Геннадий Головкин Голливудта (Флорида, АҚШ) поляк Камил Шереметамен жекпе-жек өткізеді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или