русский язык
Бокс

Манкенов Әшкеев - Конуэлл жекпе-жегі туралы ойымен бөлісті

Манкенов Әшкеев - Конуэлл жекпе-жегі туралы ойымен бөлісті
news-banner7
mobile-news-top

Astana Arlans жартылай кәсіпқой бокс клубының бұрынғы президенті Болат Манкенов Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында Мадияр Әшкеев (14-0, 7КО) - Чарльз Конуэлл (13-0, 10КО) жекпе-жегі туралы ойымен бөлісті.

«Мадияр өте еңбекқор. Менің есімде, ол «Astana Arlans» құрамында өзін толық көрсетті. Сонымен қатар, Әшкеев еңбекқор боксшы, ол жекпе-жек брысында өз-өзін қолға ала алады. Ол бапкерімен бірге алдағы жекпе-жекке дұрыс тактика таңдайды деп сенемін.

Ең бастысы, Мадияр өзінің алдында тұрған тактикалық тапсырманы орындауы керек. Ол өзінің жекпе-жегін қалай таңдайтынын біледі. Бұл кәсіпқой бокста өте маңызды. Жалпы, оның бойында жеңіске жетуге қажеттінің бәрі бар, сондықтан барлығы жақсы болады деп ойлаймын. Оған сәттілік тілегім келеді», - деді Болат Тоқтарұлы.

Айта кетейік, Әшкеев пен Конуэлл кездесуі 17 желтоқсанда (Нұр-Сұлтан уақытымен 18 желтоқсан таңертең) Лос-Анджелестегі Wild Card залында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;