«Көшпенділер шайқасы» бокс кешінің тікелей трансляциясы
16 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда «Көшпенділер шайқасы» кәсіпқой бокс кеші өтеді, деп хабарлайды Propsports.kz.
Кештің басты жекпе-жегінде 29 жастағы қазақстандық Айдос Ербосынұлы (14-0, 9 КО) WBA International, WBO Global және WBC тұжырымдары бойынша орта салмақтағы Азия чемпионы титулдарын қорғайды. Оның қарсыласы 31 жастағы ганалық Иссах Самир (19-0, 16 КО) болады. Африка боксшысы үшін бұл отанынан тыс жерде алғашқы жекпе-жек болмақ.
Сонымен қатар, Бек Нұрмағанбет (2-0, 2 КО) те рингке шығады, ол ганалық Эммануэль Дансомен (32-5, 26 КО) жұдырықтасады. Әуесқойлар арасында әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов (1-0, 1 КО) Нигериядан келген Кабиру Товолавимен (13-2, 10 КО) кездеседі. Евгений Павлов (2-0, 2 КО) филиппиндік Алия Лаурелге (18-4-1, 11 КО) қарсы күшін сынайды, ал Данила Семенов (1-0, 1 КО) Авраам Табулмен (17-4-) жұдырықтасады.
Екінші орташа салмақ, 76,2 кг: Айдос Ербосынұлы - Иссах Самир
Жартылай ауыр салмақ, 79,3 келі: Бек Нұрмағанбет - Эмануэль Дансо
Жартылай ауыр салмақ, 79,3 келі: Бекзат Нұрдәулетов - Аджибола Карибу
Жеңіл салмақ, 57,1 кг: Евгений Павлов - Али Лаурель
Ауыр салмақ, + 90 келі: Данила Семенов - Абдрахам Тубул
«Хабар» телеарнасы жекпе-жек кешін тікелей эфирде көрсетеді. 21:40-та басталатын жарыс мына СІЛТЕМЕ арқылы қол жетімді болады.
«Көшпенділер шайқасы» бокс кешінің серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі.
Естеріңізге сала кетейік, UNO сауда маркасы - Нұр-Сұлтанда өтетін Suleimen Promotions бокс кешінің бас серіктесі.