Suleimen Promotions бокс кеші алдында қазақстандық боксшылар салмақ өлшеді
Нұр-Сұлтанда Suleimen Promotions бокс кешіне қатысушылар арасында салмақ өлшеу рәсімі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Іс-шара 16 желтоқсанда өтеді, ал тікелей эфир «Хабар» телеарнасында Нұр-Сұлтан уақытымен 21:30-да басталады.
Айдос Ербосынұлы (14-0, 9 КО) кештің басты жекпе-жегінде екінші орта салмақта (76,2 кг) ганалық Иссах Самирмен (19-0, 16 КО) жұдырықтасады. Бұл шайқаста Ербосынұлына тиесілі WBC Asian, WBA International және WBO Global титулдары бәске тігіледі.
Сонымен қатар, Бек Нұрмағанбет (2-0, 2 КО) те рингке шығады, ол ганалық Эммануэль Дансомен (32-5, 26 КО) жұдырықтасады. Әуесқойлар арасында әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов (1-0, 1 КО) Нигериядан келген Кабиру Товолавимен (13-2, 10 КО) кездеседі. Евгений Павлов (2-0, 2 КО) филиппиндік Алия Лаурелге (18-4-1, 11 КО) қарсы күшін сынайды, ал Данила Семенов (1-0, 1 КО) Авраам Табулмен (17-4-) жұдырықтасады.
Екінші орташа салмақ, 76,2 кг: Айдос Ербосынұлы - Иссах Самир
Жартылай ауыр салмақ, 79,3 келі: Бек Нұрмағанбет - Эмануэль Дансо
Жартылай ауыр салмақ, 79,3 келі: Бекзат Нұрдәулетов - Аджибола Карибу
Жеңіл салмақ, 57,1 кг: Евгений Павлов - Али Лаурель
Ауыр салмақ, + 90 келі: Данила Семенов - Абдрахам Тубул
Естеріңізге сала кетейік, UNO сауда маркасы - Нұр-Сұлтанда өтетін Suleimen Promotions бокс кешінің бас серіктесі.