Қазақстан әйелдер командасы Түркиямен бірлесіп жаттығып жатыр

Қазақстан әйелдер командасы Түркиямен бірлесіп жаттығып жатыр

Нұр-Сұлтанда бокстан Қазақстан және Түркия әйелдер командасы бірлескен жаттығу жиынын бастады. Бұл туралы федерацияның ресми сайтына сілтеме жасаған Olympic.kz хабарлайды.

«Екі команданың бірлескен жаттығу жиыны 27 желтоқсанға дейін жалғасады. Жиынға тәжірибелі спортшылар мен жастар шақырылды. Түркия сапында да мықты боксшылар көп. Әлем чемпионы мен әлем біріншілігінің финалисті бар. Түрік қыздары әлемдік рейтингте жоғары орында тұр.

Сондықтан, олардан үйренеріміз мол деп ойлаймын. Осы жиын қорытындысы бойынша командаға қандай өзгерістер енетіні белгілі болмақ. Ал келесі жылдың қаңтарынан бастап бірнеше халықаралық жарыстарға қатысамыз деген жоспар бар», - дейді команда бас бапкері Ерік Алғабек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или