АІВА-ның жаңа президенті сайланды
Халықаралық бокс қауымдастығының (АІВА) конгресінде ұйымның жаңа президенті сайланды. АІВА президенттігіне алдымен алты, кейін төрт адам үміткер атанды.
Сайлау нәтижесінде 57,33 пайыз дауыс жинаған ресейлік Умар Кремлев жеңіске жетті. Нидерландтық Борис ван дер Ворст екінші, АІВА президенті қызметін уақытша атқарған марокколық Мұхаммед Мустасан үшінші орында қалды.
38 жастағы Умар Кремлев 2017 жылдан бері Ресей бокс федерациясын басқарып келеді. Сондай-ақ, ол Еуропа бокс конфедерациясының бірінші вице-президенті қызметін де атқарады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или