Видео. Джошуа мен Пулев жекпе-жек алдында төбелесіп қала жаздады
12 желтоқсаннан 13 желтоқсанға қараған түні британ боксшы Энтони Джошуа (23-1, 21 КО) болгар Кубрат Пулевке (28-1, 14 КО) қарсы жекпе-жекте өзінің ауыр салмақтағы IBF, WBA, WBO және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағын қорғайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бір күн бұрын боксшылар Лондонда салмақ өлшеді. Пулев таразыда 239,5 фунт (108,635 кг) көрсетті, Джошуа сәл ауыр болды - 240,75 фунт (109,2 кг).
Көз арбасу кезінде қос боксшыға сөз таластырып, төбелесіп қала жаздады. Жағдай ушығып кетпеуі үшін қауіпсіздік қызметкерлері араласып, боксшыларды сабасына түсірді.
Естеріңізге сала кетейік, Джошуа - Пулев жекпе-жегі Ұлыбритания астанасындағы Уэмбли стадионында өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или