Жібек Құламбаева Египеттегі жарыста жұптық сында жартылай финалға дейін жетті

Жібек Құламбаева Египеттегі жарыста жұптық сында жартылай финалға дейін жетті

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева осы аптада Каирде өтіп жатқан Egypt ITF World Tennis Tour турниріне қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекелей сында 20 жастағы қазақстандық бірінші кезеңде жарыстың бірінші нөмірі ресейлік Дарья Мишинадан жеңіліп қалды - 0:6, 4:6. Жеребе Куламбаева мен Мишинаның жолын қатарынан екінші турнирде түйістірді. Осыдан бір апта бұрын дәл осы Каирде қазақстандық теннисші жеңісті тойлады.

Бірақ жұптық жарыста Жібек Құламбаева бельгиялық Хелен Шолсенмен бірге жартылай финалға дейін жетті. Бірінші айналымда қазақстандық-бельгиялық дуэт мысырлық Ханна Мортажи мен марокколық Сальма Зиутиден (6:1, 6:3), одан кейін швейцариялық Мари Меттро мен Джоанн Цюгерден (6: 1, 6: 2) басым түсті.

Финалға бір қадам қалғанда олар ресейлік жұп Элина Аванесян мен Анна Тихоноваға есе жіберід - 2:6, 2:6.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или