«Qazaqstan» ұлттық арнасы Головкин-Шеремета жекпе-жегін көрсетеді

«Qazaqstan» ұлттық арнасы Головкин-Шеремета жекпе-жегін көрсетеді

«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары Головкин-Шеремета жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді.

<span>Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) АҚШ-тың Флорида штатындағы Холливуд қаласында поляк боксшысы Камил Шереметамен (21-0, 5 KO) жекпе-жек өткізеді. 38 жастағы жерлесіміз шаршы алаңға соңғы рет 2019 жылдың қазан айында украиналық Сергей Деревянченкоға қарсы шыққан еді. </span>

<span>31 жастағы Шереметамен өтетін жекпе-жекте Головкин IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын қорғайды. Бокс кеші аясында қазақстандық кәсіпқой боксшы, екінші орта салмақтағы WBC International Silver чемпиондық белбеуінің иегері Әли Ахмедов (16-0, 12 КО) кезекті жекпе-жегін өткізеді. Әли Ахмедов 18 кездесудің барлығында жеңіске жетіп, 13 қарсыласын нокаутпен ұтқан 31 жастағы эквадорлық Карлос Гонгорамен жұдырықтасады.</span>

<span> «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары бокс кешін 19 желтоқсанда тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы 4-те басталады.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или