Түркістан облысында жекпе-жек спортын дамыту мәселелері талқыланды

Түркістан облысында жекпе-жек спортын дамыту мәселелері талқыланды

Түркістан облысы бойынша жауынгерлік өнер қауымдастығының басшысы Дәурен Тәңірбергенов Сайрам және Төлеби аудандарына сапармен барды. 

<span>Спорт мектептерін аралаған қауымдастық басшысы облыс көлемінде Олимпиадалық емес спорт түрлерін дамыту мен тәжірибелі жаттықтырушыларды жасақтау, оларға әдістемелік көмек көрсету мәселелерін сөз етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Кездесу барысында сондай-ақ, спортшылардың оқу-жаттығу шараларына қолдау білдіру мен қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, түрлі деңгейдегі жарыстарға баруға жағдай жасау жайы талқыланды. </span>

<span>Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбековпен жүздескен Дәурен Рахымұлы қауымдастықтың алдағы жоспарымен таныстырды. Өз кезегінде аудан әкімі жауынгерлік жекпе-жек түрін дамытуда атсалысуға дайын екенін атап өтсе, Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Аңсар Өсербаев қауымдастық жұмысына әрдайым қолдау білдіретінін жеткізеді. </span>

<span>Қауымдастық басшысы сапары барысында Сайрамдағы кикбоксинг және Ленгір қаласында муайтай спортымен айналысатын спортшылармен жүздесті. </span>

<span>Айта кету керек, аталған қауымдастық құрамына 8 спорт түрі кіреді. Олардың қатарына «ММА аралас жауынгерлік жекпе-жек»,«Ушу Кунг-фу», «Муайтай», «KARATE», «Таеквандо ITF», «Кикбоксинг», «Самбо күресі, «Панкратион және греплинг» (AIGA нұсқасы) федерациялары енген. Жалпы жауынгерлік өнер спортының дәрежесін көтеру бағытында тиісті жұмыстар әлі атқарылатын болады.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или