2021 жылы "Гауһар лигасының" бағдарламасына енген жарыс түрлері анықталды
<span>Халықаралық жеңіл атлетикалық федерациялар қауымдастығы (World Athletics) 2021 жылы әйгілі «Гауһар лигасына» енген жарыс түрлерін жария етті. Ерлер де, әйелдер де жеңіл атлетиканың 16 түрінен бақ сынайды. </span>
<span>Турнирдің 13 кезеңінде төрттен жетіге дейінгі аралықта бәсекелер өтеді. Үздіктер 8-9 қыркүйек күндері Цюрихте (Швейцария) өтетін финалда бақ сынап, жеңімпаздар жақұтқа ие болады. </span>
<span>2021 жылғы «Гауһар лигасында» ерлер мен әйелдер төмендегі бағдарламалар бойынша жарысады: 100 м, 200 м, 400 м, 800 м, 1500 м, 3000/5000 метр, кедергілер арқылы 3000 метр, кедергілер арқылы 100/110 метр, кедергілер арқылы 400 метр, биіктікке секіру, сырықпен секіру, ұзындыққа секіру, үш қарғып секіру, ядро лақтыру, диск лақтыру, балға лақтыру. </span>