СҚО-да «Динамо» спорт қоғамының 95 жылдығына орай спорт ардагерлері марапатталды

СҚО-да  «Динамо» спорт қоғамының 95 жылдығына орай спорт ардагерлері марапатталды

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің музейінде «Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамының 95 жылдығына орай ардагерлер мен спортшыларды марапаттау рәсімі өтті.

<span>СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Динамо» филиалында басым бөлігі полиция қызметкерлерінен тұратын, құқық қорғау органдарының үш мыңнан астам қызметкерінен құралған 28 дене шынықтыру ұжымы бар.</span>

<span> «Полиция қызметкері дене бітімі шымыр, моральдық тұрғыдан тұрақты, әрі рухы мықты болуы тиіс. Сонда ғана ол қойылған міндеттерді тиісті деңгейде орындап шығады. Ал бұл қасиеттер спортпен шұғылданудың арқасында қалыптасады», - дейді СҚО ПД бастығы Марат Төлебаев.</span>

<span>«Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамының 95 жылдығына орай ұйымдастырылған марапаттау рәсімі ведомствоның мұражайында өтті. </span>

<span>Бүгінгі спорт ардагерлері - Юрий Трошин, Николай Зубарев, Вадим Шақшабаев, Бауыржан Құлжанов, Сергей Кручина, Виктор Денисенко, Валерий Антясов, Сергей Татымов – өз заманының белгілі спорт жұлдыздары. Олар ондаған жылдар бойы облыс полицейлеріне самбо мен қоян-қолтық ұрыстың әдіс-тәсілдерін үйретті.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или